2024 - 2026 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетің бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 шешімі
(2024.22.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024.16.02. № 1 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.07. № 1 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.26.07. № 1 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.09.10. № 1 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 1/18 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 70 421 274,1 мың теңге:
салықтық түсімдер - 29 270 437,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 321 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 000 022,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 33 829 814,4 мың теңге;
2) шығындар - 71 767 958,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -996 684,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 996 684,4 мың теңге:
қарыздар түсімі - 8 116 847,6 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 9 703 162 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 2 582 998,8.